Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

РАНТ мүшесі – Қостанай өңірінде

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі akmechet.kz 26.09.2023 1365 0 пікір
РАНТ мүшесі – Қостанай өңірінде

РАНТ мүшесі, Түркістан облысы Кентау қаласындағы «Балаби қари» Құран жаттау орталығының директоры Арман Қуанышбаев өткен аптада Қостанай өңіріне арнайы сапармен келді.

Көпке танымал ұстаз алдымен «Марал ишан» мешітінің тыныс-тіршілігімен танысып, ақшам намазынан соң жамағатқа «Отбасының діндегі рөлі» тақырыбында уағыз өткізді. Жиналған қауым терең де мағыналы әңгімені ұйып тыңдап, шынайы алғысын білдірді. Жұма күні облыстық мешітте «Жат ағымның жақтастарымен жеке кездесулер өткізу әдістемесі» тақырыбында өңірдегі оңалту жұмысына бекітілген теологтар мен имамдарға арналған семинар өткізді. Білікті маманның өзекті мәселені талқылауға арналған тұжырымдары мен пікірлерінен дін қызметкерлері тағылым алып, білім көкжиектерін кеңейтті.

Бұдан кейін облыстық орталық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінде «Ардақты Пайғамбарымызды (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жақсы көру» тақырыбында уағыз айтып, жиналған жамағатты мүбәрак Мәуліт айымен құттықтады. Сол күні түстен кейін шаһардағы №38 еңбекпен түзету мекемесінде жазасын өтеушілермен «Шынайы мұсылманның келбеті» тақырыбында кездесу өткізді.

Кешкілік «Рудный қалалық «Нұр» мешітінде «Заманауи мұсылманның келбеті» тақырыбында ақшам уағызына қатысып, халықтың алғысына бөленді. Жалпы, оның облыстағы сапары алдын-ала жоспарланған бағдарламаға сай нәтижелі әрі есте қаларлықтай ұйымдастырылды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру