Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе: Қала имамдарына арналған семинар өтті

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі nurgasyr.kz 26.09.2023 1116 0 пікір
Ақтөбе: Қала имамдарына арналған семинар өтті

Ақтөбе қалалық орталық мешітінде шаһар бас имамы Нұрлыбек Шакизадаұлының ұйымдастыруымен «Ихсан тілде емес – ділде, сөзде емес – іс-әрекетте» тақырыбында қала имамдарына арналған семинар өтті. 

Аталған семинарға Ақтөбе қаласының барлық мешіттерінің имамдары және РАНТ мүшесі, Жамбыл облыстық орталық «Һибатулла-Тарази» мешітінің наиб имамы Нұралы Бақытұлы арнайы қатысып, имамдардың қоғамдағы рөлі мен жауапкершілігі туралы тоқталды.

Одан өзге алған білімнің ақысын берудің маңыздылығы мен ихсан мәселесі де сөз етіліп: «Ихсан дегеніміз – тек тілмен ғана айтылып қоятын мәселе емес, оның әсері шынайы амалға асырғанда ғана көрініс табатындығын ұмытпауымыз керек»-деп атап өтті. Шара соңында РАНТ мүшесі қойылған сұрақтарға жауап беріп, маңызды сауалдарды тереңінен талдады.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру