Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Республикалық аттестаттау комиссиясы – Жетісу өңірінде

Жетісу облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі taglym.kz 24.09.2023 1537 0 пікір
Республикалық аттестаттау комиссиясы – Жетісу өңірінде

ҚМДБ Жетісу облыстық өкілдігінің дін қызметкерлеріне республикалық аттестаттау өтті. 

Шараны жоғары деңгейде өткізу үшін құрылған аттестаттау комиссиясының құрамында ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Кенжеәлі Қоңыратбайұлы, Бас мүфти кеңесшісі Кенжетай Байкемелұлы, Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейтбеков, Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Медет Құрмашұлы Құрсақов, Дін істері және талдау бөлімінің маманы Махамбет Саттарұлы болды.

Аттестаттаудың алғашқы кезеңі компьютерлік тестілеу жүйесі бойынша өтті. Сынақ барысында облыс бас имамы Керімбек Сәрсембайұлы бастаған дін қызметкерлеріне ақида, фиқһ, Ислам тарихы, әкімшілік жүйе (заң) тақырыптары бойынша сұрақтар қойылды. Ал екінші кезеңде имамдар ауызша сұрақ-жауап бойынша сынақ тапсырды. Бұл кезеңде дін қызметкерлері қырағат, тәжуид, хадис, дін мен дәстүр және ҚМДБ бекіткен концептуалды құжаттар бойынша қойылған сұрақтарға жауап берді.

Өтіп жатқан аттестаттаудың негізгі мақсаты – имамдардың білім деңгейін анықтап, біліктілігін арттыру. Төрт күнге созылған республикалық аттестаттауда Талдықорған, Текелі қалаларында, Алакөл, Сарқан, Ақсу, Ескелді, Көксу, Қаратал, Кербұлақ, Панфилов аудандарында жұмыс істейтін 250 дін қызметкері емтихан барысында қала, аудан және ауыл яғни, А, В және С санаттары бойынша өз білім деңгейлерін тексерді.

Үрдіске айналған бұл игі шара имамдардың біліктілігін арттырып, ілімге деген құштарлығын оятатыны сөзсіз.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру