Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БҚО: Бас имам студенттермен кездесті

БҚО бойынша өкілдіктің баспасөз қызметі islam-oral.kz 22.09.2023 1565 0 пікір
БҚО: Бас имам студенттермен кездесті

Батыс Қазақстан облысының бас имамы Самат Әлібаев Алматыдағы Нұр-Мүбарак университетінде білім алып жатқан Ақжайық өңірінің студенттерімен жүздесті.

Бас имам шәкірттердің хал-жағдайын біліп, сұхбат құрып, пікірлерін ортаға салды. Аталмыш оқу орнына Орал өңірінен жыл сайын жас талапкерлер бағын сынап, оқуға түсіп жатыр. Білім нәрін іздеген осындай талапкер жастарға қолдау көрсету жылдағы үрдіске айналған. Осы жолы облыс бас имамы Самат Қанатқалиұлы да Оралдан барып оқып жатқан университет студенттеріне БҚО өкілдігінің атынан қаржылай және рухани қолдау көрсететіндігін жеткізді.

Кездесу соңында студенттерге арнайы ақ дастарқан жайылып, студенттер бас имам Самат Қанатқалиұлымен еркін дидарласып, сауалдар қойылды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру