Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе: «Мөңке би» мешіті ашылды

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі nurgasyr.kz 20.09.2023 1690 0 пікір
Ақтөбе: «Мөңке би» мешіті ашылды

Ақтөбе облысы Шалқар ауданының Мөңке би ауылында «Мөңке би» мешіті ашылды.

Игі іс-шараға Ақтөбе облысының бас имамы Серікжан Еншібайұлы, «Ақтөбе» медресе-колледжінің директоры, РАНТ мүшесі Әбдімүтәлі Қайназарұлы және Шалқар ауданының әкімі Жанболат Жидеханов, дін қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері және жергілікті тұрғындар қатысты. Құлшылық ордасының ашылу рәсімінде облыстың бас имамы: «Аллаға шүкір, облысымызда мешіттеріміздің қатары көбейіп келеді. Мешіт – мейірімділік мекені, руханияттың ортасы. Қоғамды ізгілікке шақырып, ибалы болуға үйрететін мектеп. Осы мешіттің бой көтеруіне атсалысқан, ұйытқы болған азаматтарға Алла разы болсын! Кәсіптеріне береке, отбасыларына амандық тілеймін»- дей келе, осы мешітті бастап, оны халықтың игілігіне берген Сәрсеновтар әулетіне ризашылығын білдіріп, алғыс хатпен марапаттады.

Шара барысында Шалқар ауданының әкімі Жанболат Жидеханов құттықтау сөз сөйлеп, мешіт – білімнің, тәрбиенің киелі ордасы екенін айтты. Сондай-ақ филология ғылымдарының докторы, профессор Жұма-Назар Асанов Мөңке би туралы сыр шертіп, Базарбай Сәрсеновтың өмірімен еңбек жолына тоқталды.

Айта кетейік,бұл мешіт ауылдың құрметті азаматы Базарбай Сәрсеновтың аманаты бойынша ұрпақтарының қолдауымен салынған. Аталған құлшылық орны Ақтөбе облысы бойынша 68-мешіт.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру