Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: Садақ ату сайысы өтті

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі furqan.kz 12.09.2023 1646 0 пікір
ШҚО: Садақ ату сайысы өтті

«Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында ШҚО Риддер қалалық «Қонаев» мешітінің ұйтқы болуымен қала бойынша жамағат арасында садақ ату сайысы өтті.

Сайысқа Риддер қаласының тұрғындары қатысып, мергендіктен сынға түсті. Тартысты өткен сайысты ұымдастырушы ұстаз Бекзат Құсанбаев: «Мергендік және садақ ату ежелден қазақтың ұлттық спорты десек артық емес. Бұл шара салауатты өмір салтын сақтау, мешіт жамағатының ынтымағын арттыру, оларды басқаларға үлгі ету, асыл дініміздегі татулықты насихаттауға бағытталып отыр» деп атап өтті. 

Айта кетейік, сайысқа қатысқан мергендер ортасынан озып шыққандар жүлделі орындарға ие болды.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру