Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ЕЛОРДА ИМАМДАРЫ МӘШҺҮР ЖҮСІП КЕСЕНЕСІНЕ ЗИЯРАТ ЖАСАДЫ (ФОТО)

Астана қаласы өкілдігі muslim.kz 12.09.2023 1400 0 пікір
ЕЛОРДА ИМАМДАРЫ МӘШҺҮР ЖҮСІП КЕСЕНЕСІНЕ ЗИЯРАТ ЖАСАДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің қызметкерлері атақты Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының кесенесіне зиярат жасады.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Darhan Dala» жобасы аясында қала бас имамы Ерболат Нұрылдаұлы бастаған ұжым сапар барысында Павлодар және Қарағанды облысының имамдарымен кездесіп, қос өңірдің тыныс-тіршілігімен танысып қайтты.

Халық әспеттеп әулие атап кеткен Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының кесенесіне барып, арнайы Құран бағыштаған елордалық имамдар бабамыздың мұражайына да бас сұғып, тарих пен тағылымға қанығып қайтты. Қала бас имамы Ерболат Нұрылдаұлы Мәшһүр Жүсіптің кіндігінен өрбігінен ұрпақтарына ізгі білдіріп, Астана өкілдігі атынан естелік сыйлық табыстады.

Сапар аясында астаналық имамдар Павлодар облысының Баянауыл, Екібастұз аудандарына ат шалдырып, дін қызметкерлерімен дала төсінде сұхбат құрды. Қайтар жолда Қарағанды облысына да ат басын бұрып, өкіл имам Естай Айтуғанұлы бастаған әріптестерімен де жылы жүздесу өткізді. Кездесу соңында өкіл имамдарға арнайы алғысын білдіріп, естелік сыйлықтарын тарту етті.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру