Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылорда: Байқоңырдағы берекелі басқосу

Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі aqmeshit.kz 08.09.2023 3184 0 пікір
Қызылорда: Байқоңырдағы берекелі басқосу

ҚМДБ Қызылорда облыстық өкілдігі, Байқоңыр қалалық «Жәрімбет» мешітінің ұйымдастыруымен Қазалы, Қармақшы аудандарының және жергілікті жамағаттың қатысуымен берекелі басқосу кеші өтті.

Жамағаттың бірлігін арттырып, бауырмалдығын нығайту мақсатында,  «Ізгі қоғам – ізгі жамағатпен» ұранымен, өткен рухани жиында облыстың бас имамы Болатбек Ұласқанұлы бастаған аудан және қала мешіттерінің имамдары да қонақ болды.

Зәулім мейрамханада жайылған ақ дастарқан басында «Мұсылманның сипаты», «Алланың үйін жақсы көру» сынды тақырыптарда насихат, рухани өлең-жыр айтылып, күй тартылды. Арқан тартыс ойыны ойнатылып, векториналық сұрақтар жасырылды. Сайыстарға қатысып, белсенділік танытқандарға арнайы сыйлықтар табысталды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру