Ақтөбедегі орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша ХII республикалық Құран байқауының облыстық іріктеу сайысы өтті.
Оған Құран Кәрімнің 10, 20 парасы, толық Құранды жатқа оқу және мәнерлеп оқу номинациялары бойынша қарилар қатысты. Сайыс қасиетті Құран аяттарын оқумен басталып, облыстық мешіттің наиб имамы Нұрбол Смағұлов Құранның қадір-қасиеті мен Құран жарысының маңызына тоқталып, сайысқа қатысушы үміткерлерге сәттілік тіледі.
Іріктеу сайысына Ақтөбе облысы бойынша 20 және басқа облыстан 8 үміткер онлайн қатысып, бақ сынады. Құран жарысының іріктеу сайысына Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы әрі «Ақжар» қайырымдылық мекемесінің (қарилар орталығы) директоры Бекжан қари Әлденов қазылық етті. Әділқазының шешімімен ХII Республикалық Құран жарысының іріктеу сайысының жеңімпаздары белгілі болып, ақтық сайысқа жолдамалар табысталды.
30 пара бойынша Тасболатов Бекзат, 20 парадан – Ерәлі Құлмағанбетұлы, 10 парадан – Нұрислам Кабат және Мәнерлеп оқудан Ислам Мұхтар республикалық байқауға жолдама алды. ХII Республикалық Құран байқауында Ақтөбе өңірінің атынан бақ сынайтын қариларға сәттілік тілейміз! Алла жар болсын!












ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
nurgasyr.kz
08.09.2023
2329
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру