Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: Сарбаздармен кездесу өтті

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі furqan.kz 06.09.2023 1186 0 пікір
ШҚО: Сарбаздармен кездесу өтті

ЖАНТ кездесулерінің аясында Шығыс Қазақстан облысы «Күршім аудандық орталық мешітінің» бас имамы Тілейбек Соянұлы аудан орталығында орналасқан әскери бөлімінде болып, сарбаздармен кездесті.

Алқалы жиында аудан имамы отан қорғаудың маңызы жайлы тағылым айтты. Тілейбек Соянұлы өз сөзінде отан қорғау, ел шекарасын күзетудің исламда қастерлі борыш ретінде бағаланатындығын айта келе, «Бабаларымыз жауынгер халық болған. Қазақ халқы ат жалында сан ғасырлар бойы өз жерін қорғап, ұрпаққа аманат етті. Асыл дінімізде отан шекарасын күзеткен сарбаздарға зор сауап жазылады делінген» деп атап өтіп, нақты мысалдармен танымдық насихат айтты.

Аудан имамы сарбаздар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Әскери бөлім бастығы танымдық насихаты үшін аудан имамына алғыс айтты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру