Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

РАНТ МҮШЕСІ – АҚТӨБЕ ӨҢІРІНДЕ

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі nurgasyr.kz 06.09.2023 1263 0 пікір
РАНТ МҮШЕСІ – АҚТӨБЕ ӨҢІРІНДЕ

ҚМДБ «Діни оқу-ағарту» бағытының 2023 жылға арналған жылдық жұмыс жоспарына сәйкес бір апталық тәжірибе алмасу және уағыз-насихат іссапарымен РАНТ мүшесі, Алматы қаласындағы «Орбита-3­» мешітінің бас имамы Дастан Құрманбаев Ақтөбе өңіріне барды.

Алдымен Ақтөбе облысының бас имамы Серікжан Еншібайұлы орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде РАНТ мүшесін жамағатқа таныстырып, сапар мақсатына тоқталды. Ал Дастан Жанасұлы ақшам намазының уақытында Алға ауданы Бестамақ ауылындағы «Ақтөбе» медресе-колледжінің асханасында «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында ауызашарға жиналған жамағатқа, яғни, 350 адамға «Білімдіге дүние жарық» туралы насихат айтты.

Сонымен қатар Дастан Құрманбаев «Aqtobe» телеарнасындағы «Сәті түскен сұқбат» хабарында қонақ болды. Тікелей эфир барысында діннің қоғамға әсері, бүгінгі қоғамның дерті, әлеуметтік желінің әдебі, саналы ұрпақ тәрбиелеу, т.б. туралы сүбелі сұхбат берді. Одан өзге бесін намазында облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінде «Бірлік түбі – береке» тақыбырында уағыз айта келе: «Бірлік – тағылымы мол сөз. Қасиетті кітабымыз Құранда бірлік туралы көп жерде баяндалған. Сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерінде де адамзаттың ауызбіршілігін уағыздаған. Жаратушы Иеміз «Әли Имран» сүресінде: «...Бөлінбеңдер», – деп әмір етсе, Оның Елшісі: «...Көпшілікпен бірге болыңдар! Бөлінуден сақтаныңдар», – деп, жамағатты, барша адам баласын мейірімділікке, ортақ мақсатқа үндеген» деді Дастан Жанасұлы.  

Айта кетсек, РАНТ мүшесінің іссапары 7 қыркүйекке дейін жалғасын табады.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру