Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атырауда облыс имамдарына арналған семинар өтті

Атырау облыстық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі amin.kz 06.09.2023 1299 0 пікір
Атырауда облыс имамдарына арналған семинар өтті

Атырау облысына жұмыс сапары аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы, Бас мүфти кеңесшісі Кенжетай Байкемелұлы және Діни сараптама бөлімінің меңгерушісі Нұрлан Евфратұлы имамдарға дәріс оқыды.

Семинар барысында имамдарға пәтуа берудің өзектілігі, ҚМДБ бекіткен құжаттар бойынша ақпарат берілді.

Сондай-ақ, мүфтият жанынан ашылған сараптама жұмысы, діни әдебиеттерді тексеру, сараптама жұмыстары туралы мағұлмат айтылды.

«Кейбір теріс пиғылды тұлғалар дінді жамылып, діни сенім бостандығын өз мүдделеріне пайдаланып елімізде қалыптасқан ұстанымдар мен дәстүрлі рухани құндылықтарды әлсіретуге әрекет жасауда. Осы мақсатта теріс пиғылды субъектілер түрлі әдебиеттер мен ақпараттық материалдарды тарату үстінде. Олар осы бағытта пәрменді ақпараттық құрал ретінде интернет жүйесін де өз мақсаттарына пайдаланып отыр.

Осы ретте, елімізге сыналай еніп жатқан жат ағымдардың алдын алуда діни әдебиеттерге сараптама жүргізудің мәні зор. тосқауыл қоюдағы маңызы зор. Бұл жерде рухани, ұлттық қауіпсіздік мәселесі жатыр» деді наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру