Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Павлодар: Құран байқауына іріктеу сайысы өтті

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі mazhab.kz 05.09.2023 1308 0 пікір
Павлодар: Құран байқауына іріктеу сайысы өтті

Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан ХII респуликалық Құран байқауына Павлодар облысы бойынша іріктеу сайысы Ертіс ауданында өтті.

Сайысқа барлық аудандар және қалалық мешіттерден шәкірттер келіп қатысты. Алдымен Ертіс ауданы «Ержан» мешітінің бас имамы Бақытбек Төлегенұлы құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Бас жүлде Кенжекөл ауылдық мешітінің өкілі Ақбас Нұрисламға берілді. Бірінші орын - Ақтоғай ауданы «Жандарбек» мешітінің шәкірті Әлихан Мұратов, екінші орын - Палодар қалалық « Ақмешіт» мешітінің өкілі Ержан Әмірәлиев, үшінші орын - қалалық «Әбу бәкір Сыддық» мешітінің шәкірті Мұхтар Абдурахманға берілді.

Сонымен қатар барлық қатысушыларға ақшалай ынталандыру сыйлық берілді. Ертіс ауданының бас имамы Бақытбек Төлегенұлы жарыс соңында осы сайысқа демеушілік жасаған Айдос Зайнешевке алғыс білдіріп, қасиетті Құран кітабын сыйға тартты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру