Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Түркістан: «Шұғыла» қыз-келіншектер мектебі құрылды

Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 05.09.2023 1650 0 пікір
Түркістан: «Шұғыла» қыз-келіншектер мектебі құрылды

ҚМДБ Әйел-қыздар секторының Түркістан облыстық өкілдігінің болуымен «Салт пен сүннет» тақырыбында ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге бағытталған шара өтті.     

Салт пен сүннет – құстың қос қанаты іспетт ажырамас бір бұтас ұғым. Халқымыз сан ғасырлардан бері сүннет пен шариғаттың үкімдерін ұрпаққа кеңінен таралуы үшін салт-дәстүр, ырым тыйымдармен ұштастырып келді. Асыл қазынамыз саналатын ұлттық тәрбие мен ұлттық болмысты қайта қалыптастырып, өскелең жас ұрпаққа жаңа заманға сай бағытта ұсыну – ел мен діннің жанашырларының алға қойған мақсаты.

Осы орайда қоғаммен тығыз байланыс орнатып, халқымызға дәстүрлі дінімізді дұрыс насихаттау үшін облыстық Әйел-қыздар секторы жанынан «Шұғыла»  қыз-келіншектер мектебі өз жұмысын бастады. Мектептің негізгі құрамы – ҚМДБ ұстаздарымен бірге еріктілерден құралған жамағат. Аталмыш мектептің ашылу салтанатына облыстың бас имамы Ержан Саматұлы мен ҚМДБ Әйел-қыздар секторының меңгерушісі Динара Құтқожақызы, сектордың Шымкент қаласы бойынша жауапты маманы Балжан ұстаз арнайы қатысты.

Сонымен қатар шарада «Әжелер мектебі» «Диуани хикметтен» сыр шертті. Әжелер ихсан бағытындағы сопылық жолдың мән-мағынасын өскелең ұрпаққа насихаттауды алдағы уақытта қолға алып, тұрақты түрде насихаттап отырмақ.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру