Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау: XII республикалық Құран байқауына іріктеу сайысы өтті

Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі beket-ata.kz 05.09.2023 1480 0 пікір
Маңғыстау: XII республикалық Құран байқауына іріктеу сайысы өтті

Маңғыстау облысында Оразмағанбет ахұн Тұрмағанбетұлының 140 жылдығына арналған Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан XII республикалық байқаудың іріктеу сайысы өтті.

Сайыс Құран Кәрімнің 30 парасын, 20 парасын, 10 парасын жатқа оқу және мәнерлеп оқу бойынша 4 номинациядан ұйымдастырылды. Жаңаөзен қаласына қарасты Рахат ауылдық «Оразмағанбет ахұн Тұрмағанбетұлы» мешітінде өткен тартысты додаға 20-дан астам үміткер қатысып, өзара бақ сынасты.

Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Сендердің ең жақсыларың – Құранды үйреніп, оны өзгелерге үйреткендерің» деп өсиет қалдырған. Сайыс қорытындысына келсек:

10 пара бойынша:1-орын Ығылман Тобанияз

20 пара бойынша:1-орын Мыңжасов Арыстан

30 пара бойынша :1-орын Мырзатай Рақымжан

Мәнерлеп оқу бойынша :1-орын Қуаныш Сайдолла

Әр номинация бойынша жүлделі 1 орынды иеленген 4 жеңімпаз XII Республикалық Құран жарысына жолдама алды. Жүлделі орын алған жерлестерімізді жемісті жеңістерімен құттықтап, алдағы Республикалық  сайысқа қатысушыларға сәттілік тілейміз!

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру