Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАТЫС ӨҢІРІ ИМАМДАРЫНА ҚЫЗМЕТКЕ ҚАБЫЛДАУ ҚАРСАҢЫНДА АТТЕСТАТТАУ БАСТАЛДЫ

Атырау облыстық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі iman.kz 04.09.2023 1549 0 пікір
БАТЫС ӨҢІРІ ИМАМДАРЫНА ҚЫЗМЕТКЕ ҚАБЫЛДАУ ҚАРСАҢЫНДА АТТЕСТАТТАУ БАСТАЛДЫ

Бүгін Атырау облыстық «Иманғали» мешітінде Батыс өңірі имамдарын қызметке қабылдау қарсаңында аттестаттау басталды.

Аттестаттау комиссиясының құрамында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төраға орынбасары, наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы, Бас мүфти кеңесшісі Кенжетай Байкемелұлы және Сараптама бөлімінің меңгерушісі Нұрлан Евфратұлы бар. Бүгін аттестаттаудың алғашқы күні имамдардың арнайы діни білімін тексеру жұмысы басталды.

«Имамдардың білім деңгейі мен біліктілігін арттыру мақсатында оларды аттестаттау, тағайындау және ұсынудың жаңа тәртібі енгізілді. ҚМДБ жанындағы Ғұламалар кеңесі имамдарды аттестациялаудың жаңа ережесін бекітті. Осы ережеге сай діни қызметкерлер жан-жақты сынақтан өтуде» деді наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру