Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жамбыл: Шу ауданына жаңа бас имам тағайындалды

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі asyldin.kz 04.09.2023 1337 0 пікір
Жамбыл: Шу ауданына жаңа бас имам тағайындалды

Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев Шу ауданына сапары барысында жергілікті жамағатқа Бас мүфти бұйрығымен тағайындалған аудан имамын таныстырды.

Шу ауданына бұл уақытқа дейін Тараз қаласы «Әл Фирдаус» мешітінің имамы болып қызмет атқарып келген Алмас Кенжемолдаев бас имам болды. Сондай-ақ Бейбіт Әліпбекұлы бұған дейін Шу ауданының бас имамы қызметін атқарып келген Бахтияр Амиреевтің «Һибатулла Тарази» медресе-колледжіне директордың орынбасары болып ауысқанын атап өтті. Маманның дін саласына және Шу өңіріне сіңірген еңбегін тілге тиек етіп, көпшілік алғысын білдірді. 

Бейбіт Әліпбекұлы мен жамағат Нұр-Мүбәрак университетінің түлегі, жаңа бас имам Алмас Рысханұлына қызметінде жеміс тілеп, қариялар батасын берді.

Сондай-ақ облыс бас имамы сапар барысында Шу ауданының әкімі Бақытжан Оразалыұлымен дидарласты. Кездесуде осы уақытқа дейін Шу ауданының бас имамы қызметін атқарған Бахтияр Амиреев пен өңірдің жаңа бас имамы Алмас Кенжемолдаев та болды.

Облыс бас имамы жаңа аудан имамын таныстырып, білімі мен тәжірибесі туралы тілге тиек етті. Сонымен қатар Бахтияр Амиреевтің жаңа қызметке ауыстырылғанын хабарлады. Аудан әкімі Бахтияр Амиреевке алғысын білдіріп, имамдармен бірқатар мәселелерді талқылап өтті.       

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру