Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе: Әйел жамағатына танымдық экскурсия ұйымдастырылды

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі nurgasyr.kz 04.09.2023 1114 0 пікір
Ақтөбе: Әйел жамағатына танымдық экскурсия ұйымдастырылды

ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігіндегі Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында ерекше форматта іс-шара өтті.

Күнделікті күйбең жұмыс тіршілігінде, сондай-ақ үй шаруасы және бала күтімінде отырған қыз-келіншектердің рухани хал-ахуалын көтеру мақсатында Ақтөбе өңірінің көрікті жерлеріне, атап айтқанда «Қарғалы су қоймасы», «Қосестек бұлағы», «Қасқыр сарқырамасы», «Мылқау ауылы» және «Мұғалжар тауына» саяхат ұйымдастырылды.

Жол бойы Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірбаянынан ғибратты оқиғаларды бөлісіп, ізгі әйелдер қатарынан табылғысы келген қыз-келіншектер арасында сұрақ-жауап ұйымдастырылып, белсенді қатысушыларға кішігірім сыйлықтар таратылды.

Сектор жетекшісі Кенжегүл Кушкарова табиғат аясында шыққан мақсаттың бір қырын Құран аяттарымен ұштастырды. «Ғошия» сүресінің 17-21 аяттарын оқып беріп, «Міне енді сен оларға (ақиқатты) түсіндір, насихат ет, тура жолға баста. Өйткені сенің міндетің – насихат ету, (ақиқатты) түсіндіру ғана» - деп саяхатқа шығудың тағы бір сыры табиғат аясында тафаккур (терең ой) ету екенін ашып түсіндірді. 

Кіндік қаның тамған жерді сүю – иманнан, ал отбасының ұйтқысы ана болғандықтан, баладағы патриоттық сезім ана сүтімен дариды деуге негіз бар. Сол себебінен «Ізгі қоғам негізі – игі ана» деген тұжырым жасаймыз. Сонымен қатар саяхат барысында Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің Баспасөз хатшысы, «Мұнара» телеарнасының тілшісі Ақтолқын Тажикова «Игі ана – ізгі қоғам негізі» тақырыбында дін мен дәстүр аясындағы әйел адамның орны туралы баяндады.

Саяхат қортындысындаа сектор жетекшісі танымдық экскурсия келуге түсіністік танытып, жағдай жасаған нәзік жандылардың ер азаматтарына рахмет айтып, осы іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан Алтынгүл Қажымұхановаға, Ақжарқан Базарбайға және «Travelers_letsgo» туристік агенттігі ұжымына алғысын білдірді. Айта кетсек, игі шара алдағы уақытта да жалғасын табады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру