Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: «Дін мен дәстүр сабақтастығы» танымдық шарасы өтті

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі furqan.kz 04.09.2023 1192 0 пікір
ШҚО: «Дін мен дәстүр сабақтастығы» танымдық шарасы өтті

ҚМДБ жариялаған «Ислам және ізгі қоғам» жылында Әйел-қыздар секторының Шығыс Қазақстан облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен «Халифа Алтай» мешітінде «Дін мен дәстүр сабақтастығы» тақырыбында іс-шара өтті.

Атаулы жиынға әйел ұстаздар, ақ жаулықты әжелер, мешіт шәкірттері қатысты. Шараны ашып сөз сөйлеген Өскемен қалалық «Мұхамади» мешітінің ұстазы Айзат Амирханова отбасылық құндылықтарды ардақтау, ұлттық тәрбиенің жастардың жүрегіне ұялату хақында ойын ортаға салып, бүгінгі жиынның өзектілігіне тоқталды. Ол өз сөзінде: «Біз арнаулы жоспарлар жасап, қыздар мен әйелдерге дәстүрлі отбасылық тәрбиенің маңыздылығын түсіндіру, ұлттық құндылықтарымызды жаңғыртуды қолға алып отырмыз» деді.

Жиында қазақтың тәрбиелік маңызы зор салт-дәстүрінен көріністер көрсетілді. Сонымен қатар ислам тағылымындағы отбасылық тәрбие және әйелдің мәртебесі хақында құнды ұсыныс-пікірлер айтылды. Ақжаулықты әжелер өздерінің өмірлік тәжірибесінен сыр шертіп, жастарға кеңес берді. Жиында құнды ұсыныстар айтылды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру