Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Шайхы ата» мешітінің жаңа ғимараты қолданысқа берілді

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі mazhab.kz 31.08.2023 998 0 пікір
«Шайхы ата» мешітінің жаңа ғимараты қолданысқа берілді

Павлодар қаласы жанындағы Кенжекөл ауылдық «Шайхы ата» мешітінің жаңа ғимараты бой көтеріп, ашылу рәсімі өтті.

«Кенжекөл ауылы – 10 мыңға жуық халқы бар үлкен ауыл. Бұл ауылда 1996 жылы алғаш рет мешіт ашылып, 1997 жылы «Шайхы ата» атауы берілген еді. Ол мешіт бүгінгі күнге дейін жамағатқа мүлтіксіз қызмет етіп келді. Алайда мешіт құрылысы заман талабына сай емес, көнерген, әрі арнайы бөлмелері жоқ болғандықтан жамағаттың құлшылық ғибадатын орындауына қолайсыздық келтіріп, тарлық жасады. Сондықтан да ауыл халқы мен жамағат болып бастама көтеріп, Талғат есіміді бауырымыздың ұйымдастыруымен бір жылдың ішінде жаңа мешіт салынып бүгінгі күні іске қосылуда» деді облыс бас имамы Жолдас Қоспақұлы.

«Шайхы ата» мешітінің жаңадан көтерілген ғимараты 200-ден астам адамға арналған, ғимаратта имамдар бөлмесі, дәрісхана, әйелдер бөлмесі, заманауи мәдениетті дәретхана, әжетхана, сондай-ақ жаназа намазын жүргізетін арнайы орындары бар.

Мешіттің жаңа ғимаратының ашылуында әртүрлі мәдени-рухани шаралар ұйымдастырылып, Павлодар облысының бас имамы Жолдас Қоспақұлы және облыс, қала, ауылдың басшылары, кәсіпкерлер, құрметті аталар мен апалар бастаған ауыл халқы қатысып, игі іске білек сыбана атсалысқан белсенді азаматтарға алғыс жаудырып, сый-сияпаттар жасады.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру