Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШЫМКЕНТТЕ ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕРГЕ КЕҢЕС БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 30.08.2023 1422 0 пікір
ШЫМКЕНТТЕ ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕРГЕ КЕҢЕС БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

ҚМДБ Төрғасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жыл басында жолдаған бағдарлық баяндамасы аясында  Шымкент орталық мешітінде «Қыз-келіншектерге кеңес беру орталығы» ашылды. 

Игі шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы, дәстүртанушы-магистр Мұхамеджан Естеміров, қалалық Жастар ісі  секторының жетекшісі Әли Анарқұлұлы мен Әйел-қыздар секторының жетекшісі Балжан Досжанова, сондай-ақ шаһардағы «Әжелер» мектебінің топ жетекшісі Қалдыкүл Бекжанова, ұстаздар мен әжелеріміз қатысты.

Аталмыш орталықтың негізгі мақсаты – бойжеткен қыздарымызға ұлттық салт-дәстүр негізінде тәлім-тәрбие беру, соның ішінде рухани күйзеліске ұшырағандарға рухани қолдау көрсету,  тұрмыс құру, ана болу, отбасылық өмір, т.б. асыл құндылықтар жөнінде кеңес беру.

Басқосу аясында Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы жаңадан ашылған кеңес беру орталығының жұмысын дамыту үшін түрлі деңгейде семинарлар, басқоуслар, дәрістер өткізілетінін атап өтті.

Айта кетсек, аталмыш кеңес беру орталығының жұмысын әзірге аптасына екі рет діни һәм өмірлік тәжірибесі бар Әйел-қыздар секторы мен «Әжелер» мектебінің мүшелері атқармақ.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру