Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атырау мешіттері 810 баланы мектепке дайындады

Атырау облыстық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі amin.kz 30.08.2023 1215 0 пікір
Атырау мешіттері 810 баланы мектепке дайындады

Атырау облысы бойынша орталық, қала, аудан, ауыл мешіттері республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында көпбалалы отбасынан шыққан 810 бүлдіршіннің мектепке баруына үлес қосты.

Ізгілік шарасы аясында оқу құралдары толтырылған сөмкелер көп балалы отбасыларының балаларына табыс етілді.

Еске сала кетелік, «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясына ел бойынша мүфтиятқа қарасты мешіттер Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасы негізінде үлес қосып келеді. Акцияның басты мақсаты – балалардың жүрегіне қуаныш ұялату.

«Қасиетті Құранның өзі «Оқы!» деп басталады. Білім алу – әр мұсылман баласына парыз. Біздер балаларымыздың алаңсыз білім алып, тұлға болып қалыптасуына үлес қосуымыз қажет» дейді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Мешіттер тарапынан жасалып отырған ізгілік амалдарына ата-аналар ризашылығын жеткізуде.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру