Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылорда: 2000 оқушыға көмек көрсетілді

Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі aqmeshit.kz 30.08.2023 932 0 пікір
Қызылорда: 2000 оқушыға көмек көрсетілді

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының бастамасымен бастау алған «Мектепке жол» акциясы ел мешіттерінде қарқынды түрде ұйымдастырылуда. Жылдағы дәстүрден жаңылмай, республикалық акцияға үлес қосуға асыққан Сыр имамдары да жаңа оқу жылының қарсаңында балаларға қолдау білдірді.

Нақтырақ айтар болсақ, Қызылорда қалалық орталық «Нұр» мешітінде облыстың бас имамы Болатбек Ұласқанұлының қатысуымен өткен қайырымдылық шарасында қала бойынша 700 балаға оқу құралдарымен жабдықталған сөмкелер, 4 балаға мектеп формасы берілсе, Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандары мен Байқоңыр қаласында оқу құралдары салынған 1215 сөмке, 57 мектеп формасы, 24 балаға 565 000 теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілді. Облыс бойынша Сыр мешіттері  2000 оқушыны мектепке дайындады.

Айта кетейік, биылғы акция аясында жергілікті «Бақытты отбасы» орталығы, «Зағиптар қоғамы» және мектеп әкімшіліктерінде тіркеуде тұрған тұрмысы төмен көпбалалы отбасылардың  балалары қамтылды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру