Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ЕЛОРДАДА 1200 ОҚУШЫҒА МЕКТЕП ҚҰРАЛДАРЫ БЕРІЛДІ (ФОТО)

Астана қаласы өкілдігі muslim.kz 29.08.2023 1917 0 пікір
ЕЛОРДАДА 1200 ОҚУШЫҒА МЕКТЕП ҚҰРАЛДАРЫ БЕРІЛДІ (ФОТО)

Бүгін ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен «Мектепке жол – 2023» қайырымдылық жобасы аясында 1200 оқушыға қуаныш сыйлаған игі шара өтті.

«Әзірет Сұлтан» мешітінде өткен қайырымдылық шарасына ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы, «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Қайырғалиев қатысып, білім жолындағы бүлдіршіндерге ізгі тілегін білдірді.

Астана қаласының бас имамы Ерболат Нұрылдаұлы бүгінгі шараның маңыздылығын айта келіп, қаладағы мешіттер бойынша таратылу тәртібін де түсіндіре кетті. Айта кетейік, қайырымдылық акциясы аясында қаладағы мұқтаж отбасылардағы оқушыларға қажетті оқу құралдары және мектеп сөмкелері жергілікті мешіттерде таратылатын болады.

Шара соңында наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы оқушыларға ақ батасын беріп, білім жолындағы ізденістеріне береке тіледі.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру