Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Шымкент» медресе-колледжіне қабылдау емтиханы өтті

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 29.08.2023 2732 0 пікір
«Шымкент» медресе-колледжіне қабылдау емтиханы өтті

«Шымкент» медресе-колледжінде 2023-2024 оқу жылына талапкерлер қабылдау емтиханы өтті.

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен құрылған комиссия құрамын Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы қарсы алып, алдағы білім жолына түсетін болашақ діни қызметкері – шәкірттерге батасын берді. 

Биылғы жылы қабылдау емтихан жұмысын ҚМДБ Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі Хасан Аманқұл (комиссия төрағасы), Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы, «Шымкент» медресе колледжінің директоры Талғат Әсембай мен оқу ісі жөніндегі орынбасары Анарқұл Сырманов өткізді. 

Айта кетсек, 2023-2024 оқу жылына 267 талапкер құжат тапсырды. Оның 151 ұл, 116 қыз бала. Талапкерлерден қабылдау емтиханы шағырмашылық және ауызша түрінде алынды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру