Солтүстік Қазақстан өңірінде «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен «Мектепке жол» акциясы өтті.
Игі шараға СҚО бас имамы Хамзат Қажымұратұлы және ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының өкілі Қасымхан Исаев қатысып, ізгі іс жасады.
Акция барысында 200 мектеп оқушысына сөмке, мектепке қажетті құрал-жабдықтар және арнайы мектепке киетін формалар үлестірілді.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының дәстүрлі «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын ұйымдастырған өңір имамдары мен демеушілік жасаған азаматтарға оқушылардың ата-аналары да алғысын білдірді.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
СҚО Қызылжар мешітінің баспасөз қызметі
uagyz.kz
29.08.2023
3140
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру