Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Әбу Ханифа» медресе-колледжі талапкерлерді қабылдады

abu-hanifa.kz 25.08.2023 1791 0 пікір
«Әбу Ханифа» медресе-колледжі талапкерлерді қабылдады

Алматыдағы «Әбу Ханифа» медресе-колледжінде 2023-2024 оқу жылына қабылдау емтиханы өтті.

Жалпы білім жəне орта білім негізінде құжат тапсырған талапкерлердің арнайы шығармашылық емтиханын ҚМДБ Діни білім жəне кадр даярлау бөлімі меңгерушісінің орынбасары Серікбол Аршабаев, медресе-колледж директоры Құлмұхамет Маханбет пен Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан өткізіп, талапкерлердің мамандық ерекшелігін ескере отырып, білім деңгейін анықтады. Жалпы және орта білім бойынша Исламтану мамандығына емтихандар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ережелеріне сай ашықтықпен өтті. Мамандық ерекшелігі ескеріліп, талапкерлердің діни таным деңгейі, болмыс нанымына басымдық берілді.

Негізгі білім бойынша жетпіске жуық талапкерлердің арасынан білімді талапкерлер емтихан сұрақтарынан сүрінбей өтіп, студент атануға мүмкіндік алды. Ал елордадан арнайы келген ҚМДБ Діни білім жəне кадр даярлау бөлімі меңгерушісінің орынбасары Серікбол Аршабаев талапкерлердің емтиханға жоғары дайындықпен келгеніне ризашылығын жеткізді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру