Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Республикалық бас мешітте рухани семинар өтті

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 24.08.2023 1185 0 пікір
Республикалық бас мешітте рухани семинар өтті

ҚМДБ бекіткен «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында елордадағы республикалық Бас мешітте Астана мен Шымкент қалалары өкілдіктерінің тәжірибе алмасуы мақсатында «ДІН МЕН ДӘСТҮР ТАҒЫЛЫМЫ» атты рухани семинар ұйымдастырылды.

Тұңғыш рет ұйымдастырылған рухани семинарға Астана қаласының бас имамы Ерболат  Жүсіпов, Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов,  ҚМДБ жанындағы Республикалық бас мешіт имамы Қанат Қыдырмин, дәстүртанушы-магистр Мұхамеджан Естеміров және қос шаһардағы Әйел-қыздар секторы мен «Әжелер» мектебінің мүшелері қатысты.

Семинарды Астана қаласының бас имамы Ерболат  Жүсіпов ашып, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының рухани семинар жұмысына сәттілік һәм құттықтау сәлемін жеткізді.

Осыдан кейін, қос шаһар бас имамдары мен «Әжелер» мектебінің мүшелері кезек-кезегімен сөз сөйлеп, дәстүрімізге қатысты түрлі тақырыптар бойынша ойлары мен ұсыныстарын ортаға салды.

Мұнымен қатар, басқосу аясында Шымкенттік әжелеріміз дәстүге сәйкес елордаға тойбастар, шашу ретінде сый-сяипат, тарту-таралғыларымен келіп, дәстүрімізді ерекше жаңғыртты.  Жоғары деңгейде өткен рухани семинар соңында қос тараптан келген қатысушыларға сертификат табысталды.

Айта кетсек, шара барысында ҚМДБ «Дархан дала» отандық туризмды насихаттау бойынша делегат мүшелері елорданың көрікті орындары мен мұражайларын аралап тамашалады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру