Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтау мешітінде «Мектепке жол» қайырымдылық шарасы өтті

Ақтау қалалық мешітінің баспасөз қызметі 21.08.2023 1053 0 пікір
Ақтау мешітінде «Мектепке жол» қайырымдылық шарасы өтті

Ақтау қалалық «Бекет ата» мешітінде жылдағы дәстүр бойынша «Мектепке жол» қайырымдылық шарасы өтті.

Жаңа оқу жылының басталар кезінде мешіт имамдарының ұйымдастыруымен көпбалалы және мұқтаж отбасылардың балаларына оқу құралдары мен сөмкелері таратылды. Мешіт қызметкерлері Ақтау мешітінің тізіміндегі мұқтаж отбасылардың 70 мектеп оқушысын қуантып, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.

«Мешітімізде жаңа оқу жылының қарсаңында мұндай қайырымдылық шарасы жыл сайын ұйымдастырылады. Асыл дінімізде өзгені қуанту, әлсізді қолдау, балаға қамқорлық жасауға үлкен мән беріледі» дейді Ақтау қалалық «Бекет ата» мешітінің ұстазы Ақмарал Қазиева.

Айта кетейік, оқушылардың мектеп сөмкесі оқуға қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру