Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау имамдары семинарға қатысты

Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі beket-ata.kz 17.08.2023 1218 0 пікір
Маңғыстау имамдары семинарға қатысты

«Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында Ақтау қаласында орналасқан «Ержан Хазірет» мешітінде Маңғыстау облысының имамдары мен теологтарына арналған «Дін – ұстай алсаң қасиетің» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.

Рухани-танымдық шара барысында ҚМДБ Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі Хасан Ташайұлы «Имам – ізгі қоғам жаршысы» тақырыбында өткен V республикалық имамдар форумында қабылданған құжаттарды таныстырғаннан кейін «Діни оңалту жұмысындағы имамдардың рөлі» тақырыбында дәріс оқып, жат ағым өкілдерімен қарым-қатынас жасаудың қыр-сырымен бөлісіп, дін қызметкерлерінің көкейінде жүрген сұрақтарына жауап берді.

Сондай-ақ дәл осы мешітте «Білімді имам – қоғам айнасы» тақырыбында имам-ұстаздарға арналған семинар өтті. Рухани-танымдық шараның шымылдығын Маңғыстау облысы дін істері басқарма басшысының міндетін атқарушы Әсет Сансызбайұлы ашып, семинар жұмысына сәттілік тіледі.

Келесі болып сөз алған Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы дін қызметкерлерінің зейіндерінің ашылып, білімдерінің артуына тілектестігін білдірді. Өз кезегінде PhD доктор, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің аға оқытушысы Асқар Болатбекұлы «Деобанд мектебі ғалымдарының діни ұстанымдары» тақырыбында дәріс оқыды.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру