Алматы облысы Қарасай ауданының Шамалған ауылында «Әуелбай ата» мешітінің ашылу рәсімі өтті.
Шамалған жамағаты шаттыққа бөленген салтанатты жиынға облыс бас имамы Мадияр Пірімқұлов арнайы қатысып, жаңа мешітке тағайындалған имам Бақыт Көшкінбайұлын халыққа таныстырды. Сондай-ақ елімізге белгілі ұстаздар жамағатқа ізгі тілегін жолдады. Ұстаз Әбдіжаппар Сманов жаңа мешіттің ашылуымен құттықтап, батасын берді.
Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлы жаңа мешітте жұма уағызын айтып, жамағатпен алғашқы жұма намазын оқыды.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Алматы облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
hilal.kz
14.08.2023
3493
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру