Қызылорда облысы Қазалы ауданының Майлыбас ауылдық округіне қарасты теміржол бойындағы Майлыбас бекетінде жаңа мешіттің ашылу рәсімі өтті.
Қасиетті жұма күні өткен мешіттің ашылу салтанатына облыс бас имамы Болатбек Абу арнайы қатысып, бұл нысанның халықтың рухани жаңғырып өркендеуіне үлес қосатын, жастарды жақсы бағытта тәрбиелеуге үлкен мүмкіндік беретін орын екенін жеткізді.
Бұдан бөлек, аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тілеумбетов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекпанов және Қазалы ауданының құрметті азаматы Нәжмадин Мұсабаев елдімекен тұрғындарын қуаныштарымен құттықтап, жиылған жамағатқа ақжарма лебіздерін арнады.
Елдімекен орталығынан бой көтерген жаңа мешіттің сыйымдылығы 100 адамға арналған.







ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
aqmeshit.kz
14.08.2023
3436
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру