Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: Дін қызметкерлері – телеарна эфирінде

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі furqan.kz 10.08.2023 1038 0 пікір
ШҚО: Дін қызметкерлері – телеарна эфирінде

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің наиб имамы, діни оңалту бойынша жауапты Дәулет Қабидолдин мен іс басқарушы, ҚМДБ «Уақып» қорының жергілікті өкілі Берік Кәдіров облыстық «ALTAI» телеарнасының «Апта» бағдарламасына қатысып, тікелей эфирде сұхбат берді.

Наиб имам жат ағымдармен күрес жөнінде діни оңалту саласына қатысты ақпарат бөліссе, іс басқарушы руханият саласында атқарылып жатқан шаралар туралы баяндады. Атап айтқанда «Уақып» қоры тарапынан жасалып жатқан қайырымдыылық шаралары жайлы баяндап, «Зекет және қайырымдылық қорының» жұмыстарына кең көлемде тоқталды.

«Жат ағымдардан халықты сақтандыру және алдын алу аса маңызға ие. Халықтың діни сауаттын арттыру арқылы жат ағымдардан сақтандыруға болады» деді наиб имам Дәулет Қабидолдин.

Сондай-ақ дін қызметкерлері тікелей эфир барысында облыс тұрғындарынан түскен сауалдарға жауап берді. Одан бөлек жастар тәрбиесі, ақида ұстанымдарына байланысты да өзекті сұрақтар қойылып, көрермендерге дәйекті мәлімет берілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру