Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Таразда теріс ағымдармен жұмыс пысықталды

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі asyldin.kz 10.08.2023 1271 0 пікір
Таразда теріс ағымдармен жұмыс пысықталды

Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінде жат ағыммен күресу, діни оңалту жұмыстары бойынша жиналыс өтті.

Шараға Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев бастаған жат ағыммен жұмыс бағытына жауапты имамдар қатысты. 

Бас имам жаңа жүктемелер тапсырып, атқарылып жатқан жоспарлы жұмыстар бойынша бірнеше мәселелерге тоқталып өтті. Шарада Тараз қаласының бас имамы Ержан Аманбаев пен облыс бойынша діни оңалту бағытына жауапты Асқар Зәкіржанұлы да сөз сөйлеп, түйткілді істерді тілге тиек етті. 

Имамдар жұмыс барысын пысықтап, нақты мақсат пен міндеттер алды.  

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру