Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

АЙМАҚТЫҚ ИМАМДАРДЫҢ БІЛІМІН ЖЕТІЛДІРУ КУРСЫ АШЫЛДЫ (ФОТО)

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 10.08.2023 1301 0 пікір
АЙМАҚТЫҚ ИМАМДАРДЫҢ БІЛІМІН ЖЕТІЛДІРУ КУРСЫ АШЫЛДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жыл басындағы бағдарлық баяндамасына орай Шымкент қаласы мен Түркістан облысы өкілдігі бірігіп «Аймақтық имамдардың білімін жетілдіру курсын» іске қосты.

Игі шараға Түркістан облысының бас имамы Ержан Сматұлы мен Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы қатысып, курс жұмысына сәттілік тіледі.

Аталмыш курсқа Түркістан облысы мен Шымкент қаласына қарасты имам, молдалар қатысады. Аудан, ауылдық мешітттердің жалпы саны 60 имамы қатысатын курс жұмысына Шымкент қаласы бас имам орынбасары Мұхамеджан Естеміров жетекшілік етеді. Ал Түркістан облысы тарапынан Сүлеймен қари мен Талғат Дәрібаев оқу бағдарламасына жауапты болып бекітілді. Сондай-ақ, дін қызметкерлерінің келіп-кетуіне тиімді болу үшін курс жұмысы Шымкент қаласында орналасқан «Әбсаттар Сманов» мешітінің оқу базасында өткізіледі. 

Айта кетейік, курсы жұмысы әзірге бір жылдық болып бекітілді. Айына төрт рет, аптасына бір күндік дәріс беріледі. Курсты білікті һәм тәжірибесі мол әл-Азһар университетінің түлегі Нұрсұлтан қари Мамедалиев сынды білімді ұстаздар Құран, фиқһ, тәпсір, ақида пәндерін тереңдетіп оқытады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру