Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Жақып Ақбай» мешітінің жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын

03.08.2023 1049 0 пікір
«Жақып Ақбай» мешітінің жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын

 

Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы Теміртау қаласына барған сапарында «Жақып Ақбай» атындағы қалалық мешіттің жөндеу жұмыстарымен танысты.

Қазіргі уақытта тоқтаусыз жүріп келе жатқан құлшылық үйінің күрделі жөндеу жұмыстарынан хабар алып, Алланың үйін көркейтуге атсалысып жатқан арнайы мамандармен жолықты.

Облыс бас имамына «Жақып Ақбай» мешітінің имамы Жанболат Жұматұрұлы жұмыс процесін таныстырып, соңғы кездері жасалған істердің барысын баяндады.

Игі бастама бүгінде облыс бас имамының тікелей қадағалауымен қарқынды жалғасуда. Қазіргі уақытта мешіттің намазханалары, дәретханасы, қызметтік бөлмелері мен асханасының жөндеу жұмыстары сәтті аяқталып, сыртқы жұмыстары жалғасуда.

Жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын қалған мешіт ғимараты көз тартарлықтай сәнді де салтанатты болмақ. Бірнеше кешеннен тұратын құлшылық үйі жақын арада жамағат игілігіне берілмек.

 

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру