Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мүфтият өкілі Динара Құтқожақызы атыраулық қыз-келіншектермен кездесті

02.08.2023 1010 0 пікір
Мүфтият өкілі Динара Құтқожақызы атыраулық қыз-келіншектермен кездесті

 

Атырауға сапары аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Әйел-қыздар секторының» меңгерушісі Динара Құтқожақызы қыз-келіншектермен кездесті.

Кездесу аясында ұстаз Динара Құтқожақызы қыз тәрбиесі, әйел адамның отбасындағы, қоғамдағы ролі туралы айтып өтті.

«Халқымызда «Қыз – өріс» деген керемет сөз бар. «Қыз өссе елдің көркі, жауын жауса жердің көркі» деген халқымыз, қыз бала тәрбиесіне ерекше мән берген. Қыз бала жат жұрттық болғаннан кейін, ол басқа рулы елдің ұрпағын жалғайды. Сондықтан, қыздарымыздың жасынан білімді, жан-жақты болғаны маңызды. Ұяңдық, адамгершілік сияқты қасиеттерді де қыз бала бойына жастайынан сіңіру керек» деп атап өтті ұстаз Динара Құтқожақызы.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру