XX ғасырдың арпалыс заманында қазақ әдебиетінің ашық аспанында жарк етіп көрініп, жалт етіп ұшып түскен жарық жұлдыздарының бірі Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 130 жылдығына арналған «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болам» атты алты алаштың басын қосқан ұлан-асыр той Баянауыл ауданының Торайғыр ауылында өтті.
Аталмыш мерекеге қатысқан Павлодар облысының бас имамы Жолдас қажы Қоспақұлы облыс басшылары, зиялы қауым өкілдерімен бірге алдымен ұлы ақынның кесенесінде болып оның рухына арнап аударған Құранды хатым етті.
Келесі кезекте Торайғыр аулының өлкетану мұражайы жанында орналасқан С.Торайғыров ескерткішіне құрмет көрсету, ақынның жаңадан шыққан еңбектерінің тұсаукесер рәсімі, қолөнер туындыларының көрмелері, аламан ат бәйгесі қатарлы арнайы ұйымдастырылған мәдени шараларға қатысып қайтты.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру