Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Әйел-қыздар секторы» шара жасады

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі furqan.kz 31.07.2023 1843 0 пікір
«Әйел-қыздар секторы» шара жасады

ҚМДБ ШҚО өкілдігі «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде «Ажырасу Алла сүймейтін іс» атты шара өтті.

Атаулы жиынға ҚМДБ ШҚО бас имамы Ермек Қасболатұлы қатысты. Семинарда бас имам Ермек Қасболатұлы: «Ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Менің шапағатыма ие болғысы келген адам менің сүннетімді сақтасын, менің сүннетім – некелесу» - деп Өз хадисінде айтып кеткен. Қазіргі қоғамдағы ең белең алған тақырыптардың бірі – ажырасу. Ұлттық Экономика министрлігі Статистика комитеті Қазақстанда соңғы он жылда ажырасушылар қатарының артқанын айтады. Бұл жайға материалдық жағдайларының төмендігі, үйдегі жетіспеушілік көбіне ұрыс-керістің шығуына себеп болып, аяғы ажырасуға алып келеді. Сол себепті ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынас Алла разылығын алуға бағытталуы тиіс. Алла разылығы үшін қиылған неке отбасылық өмірдің барлық қиындығына төтеп береді» дей келе, отбасылық құндылықтардың берік болуының негіздерін түсіндірді.

Бас имам өз сөзінде отбасы бүтін болса Отан бүтін болатындығын, отбасы тәрбиесі аң басты құндылық екендігін кең көлемде баяндады.

Жиын барысында қатысушылар сұрақтар қойды. Сектор жетекшісі А.Амирханова бүгінгі шараның маңызды әрі тағылымды болғандығын жеткізіп, қатысушыларға алғыс айтты. 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру