Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жетісу имамдарына арналған оқыту курсы басталды

28.07.2023 1437 0 пікір
Жетісу имамдарына арналған оқыту курсы басталды
 
“Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы” ММ “Дін саласындағы мәселелерді зерттеу және оңалту орталығы” КММ-нің ұйымдастырумен ҚМДБ Жетісу облысы бойынша өкілдігінің ұйытқы болуымен Талдықорған қаласындағы “Сервис және технология” колледжінде “Дін саласындағы ақпараттық түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүзеге асырудағы діни қызметкерлердің ықпалы” атты Жетісу облысының имамдарына арналған 5 күндік оқыту курсы өз жұмысын бастады. 
 
Жиынның алғашқы күнінде өңірдің бас имамы Алмас Сағидоллаұлы мен аталмыш орталықтың директоры Бейбіт Смаханұлы келіп, білімін жетілдіруші имамдармен сұқбат құрды. Өтініш және ойларын тыңдады. Курс жұмысына сәттілік тіледі. 5 күн бойы имамдарымызға “Нұр-Мүбәрәк Египет ислам мәдениеті университетінің оқытушы профессорлары, ғалым-ұстаздары дәріс оқитын болады. 15-ке жуық лектор тартылып, түрлі сала бойынша білім беретін болады. Одан басқа спорттық шаралар ұйымдастырылады. 
Араға 3 жыл салып қайта өтіп жатқан білім жетілдіру курсы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасына сай “Ислам және ізгі қоғам” жылы аясында өтіп жатр. Курс соңында барша қатысушыларға нәтижелі аяқтағаны үшін деген сертификаттар табысталатын болады. 
 
 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру