Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Үлкенге құрмет – кішіге ізет» атты семинар өтті

beket-ata.kz 21.07.2023 1641 0 пікір
«Үлкенге құрмет – кішіге ізет» атты семинар өтті


«Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында 
Мұнайлы аудандық орталық «Миғраж» мешітінде Маңғыстау облысы имамдарына арналған «Үлкенге құрмет – кішіге ізет» атты көшпелі семинар ұйымдастырылды.

Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлының төрағалық етуімен өткен жиында ҚМДБ тарапынан бекітілген бес бағыт бойынша атқарылған жұмыстардың есебі пысықталып, құлшылық үйлерінде өтіп жатқан «Имани жаз-2023» сауат ашу курсының мерзімін ұзарту туралы шешім қабылданды.

Бұдан бөлек, дін қызметкерлеріне «Имам – ізгі қоғам жаршысы» тақырыбында ұйымдастырылған V республикалық имамдар форумында қабылданған құжаттар үлестірілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру