Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Ақын-жыраулар мұрасындағы діни толғамдар» тақырыбында семинар өтті

beket-ata.kz 21.07.2023 1129 0 пікір
«Ақын-жыраулар мұрасындағы діни толғамдар» тақырыбында семинар өтті


«Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында 
Мұнайлы аудандық орталық «Миғраж» мешітінде Маңғыстау облысы имамдарына арналған «Ақын-жыраулар мұрасындағы діни толғамдар» атты семинар ұйымдастырылды.

Тағылымы мол танымдық шараға Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы, елімізге танымал жыршылар Жеткізген Сейітов, Амандық Көмеков, Әзімхан Адай, Темірбек Асханбаев, тарихшы, өлкетанушы Алқажан Еділхантегі, облысымыздың құрметті азаматы, қоғам қайраткері Саламат Нұрұлы, Қажылар қауымдастығының Маңғыстау филиалының төрағасы Қуанышбек қажы Спанұлы және өңіріміздің дін қызметкерлері қатысты.

Алқалы жиында Абыл, Нұрым, Қашаған, Сәттіғұл, Сүгір және өзге де жыраулардың мұрасындағы діни ой-толғамдардың қазақ руханияты үшін маңыздылығы жөнінде сөз өрбіді.

Шара соңында Әнуар қажы Ізімбайұлы Жеткізген Сейітов және Амандық Көмеков ағаларымызға «Muftiyat» баспасынан жарық көрген «Сопылық сыры» кітабының бір-бір данасын сыйға тартып, иықтарына шапан жапты.

Сонымен қатар «Сенімен Болашақ» РҚБ-нің демеушілігімен жарық көрген ғұлама ғалым Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының 5 томдық жинағы Мұнайлы аудандық орталық «Миғраж» мешітінің кітапханасына табыс етілді.

Бұдан бөлек Қажылар қауымдастығының Маңғыстау филиалының төрағасы Қуанышбек қажы Спанұлы ағамыз бірқатар дін қызметкерлеріне «Қайырымды қажылар» тобының атынан қаржылай көмек көрсетті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру