Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Құран жарысының жүлдегері ат мінді (ФОТО)

20.07.2023 1974 0 пікір
Құран жарысының жүлдегері ат мінді (ФОТО)


«Ислам және ізгі қоғам» жылында Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы «Кеңсай ауылдық» мешіті шәкірттермен жамағат арасында «Құран-ізгілік ғаламаты» атты аудандық Құран жарысын өткізді.
 

Бәсекеге 30-ға жауық мешіт шәкірттері қатысты. Сайыс «Кеңсай ауылдық» мешітінде болып өтті. Сайысқа облыстық және Зайсан аудандық мешіттің имамдары қазылық жасады. Сайысқа қатысушы мешіт шәкірттер Құранды жүзінен оқу, үзінділер оқу қатарлы талаптар бойынша сынға түсті. 

Қатысушылар қасиетті Құранда бар нақышымен оқып, өздерінің қасиетті Құранға деген талпыныстарын, құрметін көрсетті. Құран жарысын тамашалауға ауыл тұрғындары мол жиналып, тамаша шараның куәсі болды.  

Шара туралы ұйымдастырушысы облыстық «Халифа Алтай» мешітінің ұстазы Бекзат Құсанбаев: «Бұл жарыс мешіт шәкірттері арасында Құран жаттауды насихаттайтын, Құранды құрметеуге үндейтін зор шара болды. Сайысқа шәкірттер аса ынталы қатысты. Құранды құрметтеп, бар ынта-жігерін сайысқа арнаған шәкірттерге алғыс білдіреміз» деп атап өтті. Ол сонымен қатар осы сайысқа демеушілік жасап отырған жергілікті кәсіпкерлерге алғыс білдірді.  

Сайыс қорытындысы бойынша жастар арасында 1-орын Гымың Сәуле Айфон14pro ға ие болса, 

2-орын Серікұлы Есбол SamsungA54 телефонымен, 

3 - орын Айдынұлы Ералы Redmi 12 мен марапатталды.  

жамағат арасында:  

1-орынға  Жақыпбеков Еркебұлан ие болып, құнан ат мінді. 

2-орын Мұхаммед Үлесбекке тайынша берілсе, 

3- орын Мәтенов Дәурен қойға ие болды.  

Орынға ие бола алмаған қатысушыларда құр қол қалмай ақшалай сыйлықтар табыс етілді. Сайыс жоғары деңгейде өтіп, Құран жаттаушы шәкірттердің мерейін асырды.  

Жиналған қауым осынау игі рухани шараны жоғары деңгейде ұйымдастырған дін қызметкерлерінеалғыстарын білдірді. .  

 

Шығыс Қазақстан облыстық  

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру