Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақмола: Мешіт қызғалдақ үлгісінде салынбақ

20.07.2023 1058 0 пікір
Ақмола: Мешіт қызғалдақ үлгісінде салынбақ

 

Ақмоланың ұшы-қиыры жоқ даласы Торғай өңірімен де ерекше етене жалғасады. Жарқайың ауданы облыс орталығынан төрт жүз шақырым жерде орналасқан. Ең шалғай аудан болғанымен, экономикалық даму көрсеткіші де жақсара түскені байқалады.

Осы шіліңгір шілдеде еңселі мешіттің қазығы қағылып, құрылыс жұмыстары бастау алды. Бұған осы өңірдегі іргелі шаруашылық басшысы, кәсіпкер Уәлихан Әріпов демеушілік жасағалы отыр. Жаңа мешіт құрылысына 1.5 миллиард теңге қаржы жұмсалмақ. Мешіт келесі жылдың басында, атап айтсақ, 1 қыркүйек күні бітіріп, есігін айқара ашу көзделеді.

Қазір жер-жерде салынып жатқан мешіттер көп. Бұл ғимараттың бір ерекшелігі, қазақ даласында өсетін қызғалдақ гүліне ұқсатып салынады.

Ақмола облысының бас имамы Қуаныш Сәбит осы жаңа құрылыстың басталу рәсіміне қатысып, ізгі тілегін білдірді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру