Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Үшқоңыр» медресе-колледжінің түлектері диплом алды

20.07.2023 1245 0 пікір
«Үшқоңыр» медресе-колледжінің түлектері диплом алды

 

Алматы облысының Қарасай ауданында орналасқан «Үшқоңыр» медресе-колледжінің 2023 жылғы түлектеріне диплом табыстау рәсімі өтті.

Салтанатты шараға Алматы облыстық орталық «Қапшағай» мешітінің наиб имамы Ринат Маратұлы және медресе-колледж директоры Абзал Майлыбайұлы қатысты.

Ринат Маратұлы түлектерге Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлының ыстық сәлемі мен ықыласқа толы құттықтауын жеткізіп, алған білімдерінің жемісін көріп, ел игілігі жолында қызмет етуге үндеді.

Өз кезегінде медресе-колледж директоры Абзал Майлыбайұлы: «Осы оқу ордасынан алған ілімдеріңіз өмірлік жолдағы шамшырақтарыңызға айналып, дін жолында адал қызмет етуші маман болуларыңызға шынайы тілектеспін. Мақсаттарыңыз биік, талаптарыңыз оң болсын! Барлықтырыңызға сәт сапар!» деп шәкірттерге жылы лебізін білдірді.

Директордың оқу бөлімінің орынбасарлары Б. Рахмашов пен Б. Қиясбеков ұстаздар да сөз алып, бітіруші шәкірттерге ақ жол тіледі. Жас түлектер де оқу ордасының әкімшілігіне, ұстаздарына ризашылығын білдіріп, алғыстарын айтты.

Биылғы жылы «Үшқоңыр» медресе-колледжін 9-сыныптан кейін түскен 57, 11-сыныптан кейін түскен 33, барлығы – 90 түлек бітірді. Олардың 16–ы үздік (қызыл) диплом иегерлері атанды. 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру