Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҮЛГІЛІ АУЛЫНДА МЕШІТ АШЫЛДЫ

mazhab.kz 14.07.2023 2050 0 пікір
ҮЛГІЛІ АУЛЫНДА МЕШІТ АШЫЛДЫ

Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Үлгілі ауылында жаңа мешіт ашылды. Мешіт «Үлгілі ауылдық мешіті» деп аталады.

Бұл мешіт облыстағы  107 –ші мешіт. Мешіт құрылысы бірнеше жылдың алдында басталып, ауыл халқы, осы ауылдың тумалары, кәсіпкер азаматтардың қолдауымен биылғы жылы өз жамағатына есігін ашуда. Мешіттің ашылуына жергілікті билік орындарының өкілдері қатысып, ауыл халқы, ақсақалдар, ата-апалар, жастар молынан жиналды.

Облыс бас имамы Жолдас Қоспақұлы ашылу салтанатында жиналған жамағатқа уағыз-насихат айтып, мешіт құрылысына үлес қосқан азаматтарға алғыс жолдап, марапат хаттар тапсырды.

Мешіт талапқа толығымен сай,  көркем де, жайлы болып салынған. Имам бөлмесі, жамағаттың дәрет алатын орны, басқа да шаруашылық мүмкіндіктер қамтамасыз етілген.  Мешітке жаңа имам тағайындалып, іске кірісті.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру