Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

НҰР-МҮБАРАК ТҮЛЕКТЕРІ ДИПЛОМ АЛДЫ

Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі nmu.kz 11.07.2023 1920 0 пікір
НҰР-МҮБАРАК ТҮЛЕКТЕРІ ДИПЛОМ АЛДЫ

Алматыдағы Нұр-Мүбарак университетінде түлектерге диплом табыстау рәсімі өтті.

Қасиетті Құран аяты мен мемлекеттік әнұранмен басталған салтанатты жиында Академиялық мәселелер департаментінің директоры Мұратхан Махмет биылғы түлектердің өткен оқу үдерісі жайлы айта келе, үлкен өмірге аттаған қадамдарына сәттілік тіледі. Сондай-ақ ректор кеңесшісі Рахымжан Әкімбеков әрбір ұстаз үшін әр шәкірттің жетістігі қуаныш екенін айта келе, дипломдарын қолға енді ұстаған жас мамандарға Нұр-Мүбарак университетінде алған білімді ел игілігіне арнауға үндеді.

Ал оқытушы Ерлан Ақатаев жас түлектерге насихат айта келе ата-бабаларымыздың тар жол, тайғақ кешкен тарихына тоқталып, ауыл молдаларынан тәлім алған Алаш арыстарының өмірінен өнеге алуға шақырды.

Осылайша риясыз көңіл мен ақ тілек жауған мерекеде бакалавриат бағдарламасы бойынша исламтану (180), дінтану (23), теология (16), шетел филологиясы (12), екінші жоғары білім – 34 (дінтану – 6, теология – 29) мамандар үлкен өмірге жолдама алды.
Ал магистр дәрежесін алғандар қатары – 25 (исламтану 16, дінтану 9).

Дипломның дәрежесі бойынша 37 түлек үздік тәмамдады. Сондай-ақ озаттар мен өнегелі түлектердің ата-аналарына арнайы алғыс хат табысталды.

Биылғы ерекшелік, исламтану мамандығы бойынша ағылшын тобының алғашқы түлектері де қанат қақты. Осыдан 4 жыл бұрын алғаш ашылған топтағы 12 студенттің қатарындағы Сандуғаш Сайлаубек қызыл диплом иегері атанды. Осылайша ағылшын тіліндегі мамандар даярлау алғашқы нәтижесін бере бастады.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру