Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жетісу: «DINTELLECT» білім сайысы өтті

Жетісу облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі taglym.kz 05.07.2023 1512 0 пікір
Жетісу: «DINTELLECT» білім сайысы өтті

ҚМДБ Жетісу облысы өкілдігінің ұйымдастырумен «Достық» үйінде «DINTELLECT» мешіт жамағаты арасында облыстық білім сайысы өтті.

Шараға ҚМДБ Жастар ісі секторының меңгерушісі Әділет Көпен және өңірдің бас имамы Алмас Сағидоллаұлы арнайы қатысты. Аудан-қаладан бас-аяғы 12 команда қатысқан білім додасына өңірдің дін мәселелерін зерттеу орталығының басшысы Бейбіт Смаханұлы, қала имамдары Табарак Хамитұлы, Мирас Асқанбаев қазылық етті.

Сайыыс нәтижесінде 1-орынды Сарқан аудандық мешітінің командасы жеңіп алса, 2-орынды Алакөл аудандық мешітінің командасы, ал 3-орынды қалалық «Нұр» мешітінің командасы қанжығасына байлады. Тартысты сайыста түрлі логикалық және діни сұрақтар қойылып, мешіт жамағатының білімге деген құштарлығын тағы да арттырғаны сөзсіз.

Алдағы уақытта жеңімпаз команда жыл соңында өтетін республикалық сайысқа облыс атынан қатысатыны белгілі болды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру