ҚМДБ Жастар ісі секторының Алматы облысындағы жауапты маманы Әлихан Құндызбекұлының ұйымдастыруымен «DINTELLECT» зияткерлік білім сайысының іріктеу кезеңі өтті.
Білім сайысына Қонаев қаласы және Іле, Қарасай, Жамбыл және Талғар аудандарының командалары қатысты. Сайыскерлердің біліктілігіне Жастар ісі секторының меңгерушісі Әділет Рахымұлы мен Алматы облыстық мешітінің наиб имамы Ринат Маратұлы төрелік жасады.
Қызықты әрі тартысты өткен білім додасында І орынды Қарасай ауданының командасы жеңіп алса, II орын Қонаев қаласының командасына, III орын Жамбыл ауданының командасына бұйырды. Барлық қатысушыларға арнайы сыйлық және марапаттау қағаздары табысталды.












ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
muftyat.kz
04.07.2023
2638
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру