Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе: Мешіт жанашыры баспаналы болды

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі nurgasyr.kz 02.07.2023 1625 0 пікір
Ақтөбе: Мешіт жанашыры баспаналы болды

Ұлық мереке – Құрбан айтта «Зекет және қайырымдылық» қорының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы акциясы аясында республика бойынша 665-баспананың кілті Ақтөбе облысында берілді.

Шалқар ауданында ауданның тұрғыны, аз қамтылған отбасы, мешіт жанашыры Саламат Нығыметовке ауданның бас имамы Абзал Медетбеков табыстады.  Үш бөлмелі пәтер аудан бас имамының ұйымдастыруымен және мешіт жамағаты, ауыл тұрғындары мен атымтай жомарт жандардың демеушілігімен жүзеге асты.

Абзал Медетбеков үй иелерін қуанышымен құттықтап: «Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету маңызды, игі амалдардың бірі. Уақыт өткен сайын аудан халқының саны артыпта келе жатыр. Аудан орталығы – Шалқар қаласы күннен күнге көркейіп келеді. Сонымен қатар, халықтың Раббысымен тығыз байланыс орнап, жамағаттың ауызбіршілігі артып келе жатыр. Соның бір айғағы – бүгін жаңа пәтерлерге қол жеткізіп отырсыздар. Құрметті жаңа қоныс иелері! Ауданымыздағы жаңа баспаналарыңыз құтты болсын. Шаңырақтарыңыз шаттық пен қуанышқа, отбасыларыңыз бақыт пен ырысқа толсын!» деді.

Отбасыларға қуаныш сыйлап жүрген «Ел үлесі – пәтерге» жобасы алдағы уақытта да Ақтөбе облысы өкілдігінің ұйытқы болуымен және жамағаттың қолдауымен өз жалғасын таппақ. Ауызбіршілік танытқан шалқарлық ағайынға алғыс айтып, жасаған жақсылықтарыңыз өздеріңізге еселеп қайтсын деп тілейміз!

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру